Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚ САНАҒЫ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

ХАЛЫҚ САНАҒЫ – МАҢЫЗДЫ НАУҚАН


2019 жылдың қараша айын­да Қазақ­станда компью­терлендіру әдісімен халық санағы жүргізіледі. Негізгі жаңашылдық – компьютерлендіру болмақ. Яғни, интернет-портал ашылып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдай алады.
– Сонымен бірге, санақ жүргізетін мамандар планшетпен жүріп, ақпаратты бірден мәліметтер базасына жолдап отырады. Бұл біріншіден, санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, ЖСН сай келе ме, жоқ па - бірден тексеріліп отырады. Тың әдістің пайдасы зор», – дейді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.
Вице-министрдің айтуынша, егер халықтың біршама бөлігі интернет арқылы тіркелсе, санақшыларға түсетін жүк айтарлықтай жеңілдейді. «Әлбетте, үй-үйді аралап, тіркеу жүйесі қалады. Себебі, барлық адамдар интернет арқылы тіркелмесі анық. Бірақ, ең бас­ты артықшылық – цифрлық технологияларды қолдану болмақ. Әзірге санақты жүргізуге жұмсалатын қаржы көлемі мен қажетті штат саны есептелуде. Бірақ, интернет технологияларды енгізу арқылы шығын әдеттегідей аз болады деп күтілуде. 2019 жылдың қараша айында басталатын халық санағы шамамен бір ай бойы жүргізілмек.
Әр 10 жыл сайын өтетін шара халықтың нақты сипаттамасы туралы мәліметті жинауды мақсат етеді. Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Еске сала кетейік 2009 жылы ақпанда елімізде екінші рет Ұлттық халық санағы жүргізілген болатын. Нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 16млн.004мың 800 адамды құрды, бұл алдыңғы 1999 жылы өткен санақпен салыстырғанда 1млн.022мың 900 адамға немесе 6.8% өскенін көрсеткен.
Ұлттық маңызы бар шараның дұрыс өтуіне әрбір азамат жауапкершілікпен қарағаны жөн.

Б.ЖАНӘЛІ
31 қаңтар 2019 ж. 1 170 0