Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіптік жауапкершілікке бірнеше лауазым иелері тартылды

Тәртіптік жауапкершілікке бірнеше лауазым иелері тартылды

Департамент тарапынан 2020 жылдың 1-ші тоқсанында 26 аудиторлық іс-шара жүргізілген, оның ішінде жалпы 48,5 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 46,8 млрд. теңге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 1,7 млрд. теңге.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 46,8 млрд. теңге, олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені және бюджетке өтелгені 46,6 млрд. теңге.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 1,7 млрд. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты167әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдын жалпы сомасы7,4 млн. теңгені құрап, оның ішінен 7,3 млн. теңгесі бюджеткірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2020 жылдың 1-ші тоқсанында анықталған заңнама бұзушылықтардың 956,9 млн. теңге сомасында 12 мемлекеттік аудит материалдары жолданған. Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 1 аудит материалы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот органдарына жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 20 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған.
А.Т. Алиева,
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бас маманы

01 маусым 2020 ж. 513 0