Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллардың құны қанша?

Доллардың құны қанша?

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев доллар бағамының өзгеруі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыркүйектегі ішкі валюта нарығындағы ахуал мұнай нарығының қысымында болды. 16 қыркүйекте мұнай бағасы барреліне 69 долларға көтерілгеннен кейін, 2 қазанда баррель үшін 57,7 долларға дейін төмендеді. 10 қазандағы жағдай бойынша мұнайдың баррелі 59,1 доллар болды. Нәтижесінде, қыркүйектің басынан 11 қазанға дейінгі айырбас бағамы бір доллар үшін 385,27 - 390 теңге аралығында өзгерді, осы кезеңде әлсіреу 0,5 пайызға тең болды", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ұлттық банктың мәліметінше, 11 қазандағы жағдай бойынша теңгенің курсы бір доллар үшін 389,51 теңге болды, бұл жыл басынан бері 1,4 пайызға әлсіреген. Бүгін, 14 қазанда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы айырбастау орындарында доллар 391-392 теңгеден сатылып жатыр.

14 қазан 2019 ж. 950 0