Ауызашардағы ең ұзын дастархан Гиннестің рекордтар кітабына енді
Рамазан айында Мысыр астанасы Каирде 7 мың адамға жайылған ұзын үстелдегі дастархан Гиннес рекортар кітабын енгізілді.
Сенбі күні Каирдағы жаңа әкімшілікте бұқаралық ауызашар өткен болатын. Қаланың орталық алаңынан бастап жайылған дастарханның ұзындығы 3 шақырым 189 метр 83 сантиметрге жеткен. Осылайша, Пирамидалар елі Әджіман (БАӘ) әмірлігінде бір кезде жайылған 2900 метрлік дастарханнан озып, рекордты жаңартып отыр.
Гиннесс рекорды Мысырда жуықта тағы бір мәрте тіркелген болатын.
Мамыр айының ортасында әлемдегі ең кең аспалы көпір қолданысқа берілген:
Ніл арқылы салынған алты жолақты көпірдің ұзындығы 540 метр, ені 67,36 метр. Белгілі болғандай, рекорд туралы ресми сертификат Каирге жексенбіде табысталатын болады.
Мұсылман қауым үшін қасиетті Рамазан айы аяқталып келе жатқанын да айта кету керек. Рамазан айының аяқталуымен Ораза айт күндері келе жатыр.
www.ktk.kz