Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақалды әйел сақалды еркекке тұрмысқа шықты

Сақалды әйел сақалды еркекке тұрмысқа шықты

Атын Шварц деп көрсеткен әйел 14 жасынан бастап поликистозды аналық безі синдромынан зардап шегеді.

Бұл ауру кезінде андрогенттер мен эстрогендер секрециясы жоғарылап кетеді. Ал, соның салдарынан бетке түк шығады. Сондықтан осы дертке шалдыққан әйел басқаларға басындағы қиындықты білдіртпес үшін ұзақ уақыт бойы беті мен кеудесін қырып келді.

31 жасында Шварц Сиетл қаласына көшіп келіп, сақалын өсіруді шешті. Бірақ, бұл оның өмірін айтарлықтай қиындатты. «Адамдар маған көз алмай қарайды. Олар маған күледі. Кейбіреуі білдіртпей суретке түсіріп алғысы келеді. Шынымды айтсам, осыдан көңілім түседі», - дейді ол. 

Бірақ, осындай қиындықтарға қарамастан, әйел сақалымен жүре беруді шешкен. Ол бес жыл қатарынан сақалын өсіріп келеді, тіпті сақалдылар байқауында жеңіске жеткен. Шварцтың айтуынша, бетіне шыққан түк оны еркектердің назарынан тыс қалдырмады. Бірақ оған ұзақ мерзімді қарым-қатынас құру үшін серігін табу қиын болды. 

«Біреумен танысу қиын емес. Маған оның басқалардың жанында менімен жүруден ұялмағаны керек. Ол сақалды әйелмен кездесуді ұят деп есептемеуі керек», - деп түсіндірді ол.

Бірақ, Шварц бір жарым жыл бойы өзіне лайық адамды кездестіре алмады. Содан ол Facebook-ке ықтимал ұсыныстарды күтетінін айтып, жазба қалдырды. Сөйтіп, оның жазбасына 45 жастағы Тобиас Брэдик жауап берді. Ол бір жыл бұрын Шварц жаңа қалаға көшіп келгенде көмек көрсеткен ер адам екен. Сондай-ақ, оның да сақалы бар, бірақ қара емес, сарғыш болды. Дегенмен, ол қыз өзіне қарамайды деп күдіктенген. Бірақ, оның қорқынышы бекер болып шықты. Көп ұзамай олар үйленіп, отбасын құрды. Енді олар поламорлы қарым-қатынаста.

www.ktk.kz

29 мамыр 2019 ж. 874 0