Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 жасқа дейін тегін жүреді: Жүкті әйел автобуста босанып қалды

18 жасқа дейін тегін жүреді: Жүкті әйел автобуста босанып қалды

Барселонадан Брюссельге қарай бара жатқан әйел өзі мінген автобуста босанып қалды. Жүргізушілер, алдымен, жедел жәрдем қызметін шақырып, кейін автобусты тоқтатып дәрігерлерді күткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru басылымына сілтеме жасап.

 «Автобус ішіндегі адамдардың көбісі ұйықтап жатқан болатын. Жүргізуші не болып жатқанын түсіндірген соң, бәріміз автобустан шықтық», - деді туристердің бірі. 

Араға жарты сағат салып әйел адам аман-есен босанды. Сәби мен ата-анасын жедел жәрдем жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. 
Кейін нәрестенің есімін Зенеп деп қойғаны белгілі болды. Ол кәмілеттік жасқа толғанға дейін автобуспен тегін жүре алады. 

Сурет: angel4leon

19 мамыр 2019 ж. 840 0