11 жастағы бала апасы дайындаған тамақтың иісінен қайтыс болды
Алдымен ата-анасы өз күштерімен баланы құтқарғысы келген. Бірақ ол есінен танып қалғанда жедел жәрдем шақырған. Бұл туралы WNBC басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Рождество мерекесіне апасына қыдырып барған баланың өмірі қайғылы оқиғамен аяқталды. Нью-Йоркта тұратын 11 жастағы Камерон Жан-Пьерге апасы пісірген балықтың иісі ұнамаған. Баланың балыққа аллергиясы бар екен.Камеронның ас үйде не істегені әзірге белігісіз. Алайда, ол аллергиясы бар тағамнан ауыз тимеген. Ауадағы балық буының концентрациясы өте жоғары болып кетіп, бала тұншыға бастаған. Камеронның жанұясы оны құтқаруға тырысты. Тіпті оны бір аппаратқа қосты. Бірақ бұл көмектен ешнәрсе де шықпады.
Бала есінен танып қалғанда ата-анасы жедел жәрдем шақырады. Бірақ ол ауруханаға жеткенде дәрігерлер оған көмек көрсете алмайды. Тек өлімнің уақытын белгілеп қояды. Камеронның неден қайтыс болғаны экспертизадан кейін анықталады. Алайда, оның туысқандары өлімнің себебі балықтың иісінде екеніне сенімді. Жергілікті полиция да осылай ойлайды.