"Алланың керемет сыйы": Жас босанған әйел бір айдан кейін тағы екі баланы өмірге әкелді
Бангладеш тұрғыны үшемді өмірге әкелді. Алайда үшемдер 26 күн айырмашылықпен өмірге келді.
Бұл туралы AsiaOne басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
20 жастағы Арифа Сұлтананың бірінші баласы ақпан айының соңында дүниеге келген. Дәрігерлер әйелдің екінші жатыры бар екенін байқамапты. Жас босанған әйелдің екінші жатырында тағы екі шақалақ болған екен.
Арада бір ай өткеннен кейін, 22 наурызда, Арифаның толғағы қысып, суы кете бастаған. Жақындары оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізіпті. Ол жерде әйелге кесір тілігі жасалып, ұл және қыз балаларды алып шықты.
26 наурызда Арифа Сұлтана перзентханадан шығып, үйіне қайтып келді. Үшемнің анасы атанған әйел ендігі күйеуінің азғантай жалақысына үш баланы қалай асырайтынын ойлап уайымдайды.Оның күйеуі айына 6 мың така табады екен. Бұл біздің валютаға шаққанда – шамамен 26 мың теңге.
«Ақшамыз аз болып тұрғанда мұндай жауапкершілікті қалай алып жүретінімізді білмеймін», - дейді Арифа.
Ал оның күйеуі отбасын бақытты ету үшін қолынан келгенше тырысатынын айтады.
«Бұл Алланың берген керемет сыйы. Балалардың бәрінің дені сау. Олар бақытты болуы үшін, қолымнан келгенше тырысамын», - дейді жас әке.
http://stan.kz/allanin-keremet-siyi-zhas-bosangan-ayel-bir-aydan-keyin-tagi-eki-balani-omirge-akeldi-312627