Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Әлемдегі миллиардерлер саны күрт өсті

Әлемдегі миллиардерлер саны күрт өсті


2017 жылғы капиталдың барлығы дерлік бай-бағландардың үлесіне тиесілі. Саны 4 миллиардқа жуықтайтын кедей адамдардың көп бөлігі әлем табысынан еш пайда көрмеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
Кедейлікпен күресетін Oxfam ұйымының хабарлауынша, 2017 жылы әлемдегі «жаңа» табыстың 82%-ы ең бай адамдарға тиесілі болған. Баяндама халыққа 22 қаңтар күні таратылды.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең төмен болып есептелетін 3,7 млрд адам әлем табысынан еш пайда көрмеген. Мұнымен қатар, 2016-2017 жылдары миллиардерлер саны айтарлықтай өсті. Oxfam мәліметінше, әр екі күн сайын миллиардерлер қатары жаңа бір адаммен толығып отырған. Бүгінгі таңда әлем бойынша миллиардерлер саны 2043 адамға жетіп отыр.
«Миллиардерлердің көбеюін экономиканың өркендеуімен шатастырмайық. Бұл керісінше экономикалық тәртіптің бұзылуының көрінісі», - дейді Oxfam ұйымының директоры Винни Бьяньима.
Германиядағы Oxfam кампаниясының жетекшісі Йорг Калински аталған іске қатысты сыни пікір білдірді.
«Бай-бағландар саяси шешімдердің қабылдануына тікелей әсер етеді. Мұнымен қатар, акционерлердің табысын көбейту үшін жалақы мен салыққа кететін қаржыны қысқартады», − дейді Калински.
22 қаңтар 2018 ж. 1 167 0