Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 13 АҚПАН

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 13 АҚПАН

Балықтар

Бүгін сіздер ерекше сыншылдық қасиетке ие боласыз. Жіберген қателіктеріңізді мойындап, бірден шешу жолдарын ұсыныңыз. Осылайша жеке өміріңізде беделіңіз артып, мақсатыңызға жетесіз .Жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Істі келер күнге қалдырсаңыз, күткен пойызыңыз келмей қалуы мүмкін. Сондықтан соңғы вагонға болса да ілігіп кетуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Бақталастарының қарсылығына тап болады. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз.

Тауешкі

Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекеттеріңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Сіз де, үйіңіз де көп қонақ шақыратын боласыздар. Көре алмай жүргендерден сақтанып, үйіңізге келген қонақтан пайда көруге тырысыңыз. Ұмыт болған достарыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін.  

Мерген

Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз.

Сарышаян

Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Кешке сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз

Таразы

Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Жақындарыңыздың сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарларыңыздың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күн күтіп тұр.  

Бикеш

Бүгінгі күніңіз ертегідегідей таңғажайыпқа толы болуда. Алайда барлығы сіз ойлағандай емес. Сіз сүйіктіңізбен жәй ғана ренжістім деп жүрген кезде, ол айырылысу туралы деп шешім қабылдауы мүмкін. Көзден кеткен көңілден де алыстайды демекші, сізді достарыңыз ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан олардың қал-жағдайын жиі сұрап тұрыңыз. 

Арыстан

Өміріңіздегі тепе-теңдікті махаббат пен қылымсушылық бұзуы мүмкін. Өзіңізге жараспайтын әрекеттер жасаудан сақтаныңыз. Шыдамдылық танытсаңыз, мақсатыңызға оңай қол жеткізесіз. Әзірге ең құнды идеяларыңызбен бөліспей тұра тұрғаныңыз жөн.  

Шаян

Бүгін энергияңызды көп шығындайсыз. Айналаңыздағылар жоспарларыңыздың жүзеге аспауына жағдай жасайды. Уақытыңызды тек өзіңізге жұмсаңыз. Мұнымен қатар өзіңіз де өзгелердің қатесін есіне салмаңыз.Кешке табиғат аясында серуендеуіңізге болады.

Егіздер

Бүгінгі күн жаңа әрі ерекше істердің жүзеге асуына көмектеседі. Тылсым күштердің жолдайтын белгілерін өзгелердің құпия-сырын білу арқылы анықтай аласыз. Алайда негізгі жұмысыңызбен айналысуды ұмытып кетпеңіз. Сізді көп сыйлық күтіп тұр. Жеке өміріңізде де өзгерістер болады.

Торпақ

Бүгін көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

Тоқты

Түс аралас махаббат сезімінің құшағына енеді. Ең маңызды деген оқиғалар үйден тыс жерде өтеді. Ол әлеуметтік желі болуы мүмкін. Айналаңыздағылар бар көмегін аямайды. Сіздің танымалдылығыңыз артып келеді. Сондықтан мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.

miss.inform.kz
13 ақпан 2019 ж. 1 343 0