Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Канадада қалың қар жауып, әуе рейстері тоқтады

Канадада қалың қар жауып, әуе рейстері тоқтады

Канадада қалың қар жууы салдарынан әуе рейстері, мектептер мен университеттердегі сабақтар тоқтады, жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СВС-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні билік білім беру мекемелерін, жолдарды жабу, әуе рейстерін тоқтату туралы шешім шығарды. Себебі, елдің басым бөлігіне қалың қар түсіп, оның биіктігі 10-15 см құраған. Бұл айлық жауын-шашын нормасынан асып отыр.

Әуежайларда әуе рейстерінің тоқтатылып және кешіктіріліп жатқанын хабарлады. Жолаушылар мен күтіп алушылардан үйден шығар алдында ұшу туралы ақпаратты тексеріп алуларын сұрауда. BC Ferries көлік компаниясы Ванкувер қаласы мен Ванкувер аралы арасындағы паромды рейсті тоқтатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, қаладағы қоғамдық көліктер жұмыстарында да іркілу байқалып жатыр.  

Канада пошта қызметі Үлкен Ванкувер, Ванкувер аралдары және Оңтүстік жағалау агломерациясы үшін тоқтағаны туралы «сары ескерту» жариялады. «Біз пошталарды жеткізу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, бірақ кешігуі мүмкін», - делінген мәлімдемеде. 

12 ақпан 2019 ж. 926 0