Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Неміс ғалымы қазақстандық алманың денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеді

Неміс ғалымы қазақстандық алманың денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеді

Германияның жетекші аллергологы Карл-Кристиан Бергманн қазақстандық алманы "нағыз байлық" деп атады.

Ғалымның айтуынша, Германия халқының 16 %-да тозаңға аллергиясы болғандықтан, арасында көбісі алма жей алмайды.

Осыған алаңдаған Бергманн ұзақ жылдар бойы шешімін іздеген.

Бір күні қолына қазақстанның алмасы түсіпті.

Ғалым еуропалық алманың түпкі тегі саналатын қазақстандық жемістер аллергия тудырмайтынын анықтады.

Оның айтуынша, қазақстандық алманың құрамында антиоксидант көп және аллергендер өте аз екен.

Бергманн зерттеу жүргізу жүргізген. Онда аллергиясы бар 100 адам 3 ай бойы осындай алманы жеген.

Оның айтуынша, тәжірибеден кейін аллергиясы бар адамдар кез келген алманы қабылдайтын болып, тозаң да ауыр әсер етпепті.

Ғалым зерттеу нәтижесі бәрін таңғалдырғанын айтты.

"Германияда алмаға аллергиясы бар бір миллионнан астам адам бұл жемістен бас тартқан.

Бірақ менде емделіп жүрген бір науқас алманың кейбір түрлерін жей алатынын айтты. Оның қандай ерекшелігі бар деп таңғалдым.

Кейін Қазақстанның алмасының құрамында аллерген өте аз екенін анықтадық. Бұл – керемет жағдай. Енді біз аллергия тудырмайтын, кез келген ағзаға пайдалы болатын алманың түрін қайта шығаруды мақсат етіп отырмыз.

Қазақстанның осындай алманы өсіріп, экспорттауға керемет мүмкіндігі бар. Елдеріңіздегі ғалымдармен бірлесіп, алманың осы түрін зерттеуге дайынбыз", - деді ғалым Карл-Кристиан Бергманн.

kaz.nur.kz


29 қаңтар 2019 ж. 859 0