Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкүйерлердің таңғажайып оқиғасы. "Өлер алдында Димашты көрсем, арманым жоқ" (фото)

Жанкүйерлердің таңғажайып оқиғасы. "Өлер алдында Димашты көрсем, арманым жоқ" (фото)


Бұл сөзді танымал ресейлік композитор Игорь Крутой Кремльдегі концерттен кейін айтқан. Игорь Крутой айтқан тылсым күш сол, Димаш өз жанкүйерлерімен космос арқылы тілдесе алады. Димаштың дауысына әлемдегі миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамдардың ғашық болуының себебі де осы тылсым күшпен байланысты шығар кім білсін?!

Лондондағы концерттің видеосы жарияланнан кейінгі пікірлер бұл сөздің түп-төркінін түгел түсіндірді. Аталмыш концертке жанкүйерлердің кейбірі 12 сағат ерте келген. Олардың бар ойы Димашты жақыннан көру болды.  Димаштың өнеріне табынған шетелдік жанкүйерлердің қызықты әрі таңғаларлық оқиғаларын Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

"Өлер алдында Димашты көрсем, арманым жоқ"

Димаштың концертіне  егделеу екі қарт келді. Әйелдің жасы - 69-да болса, қария -  75 жаста. Олардың денсаулығы аса мәз емес екені байқалды. Бірақ олар Димаш үшін Италиядан ат арылтып келген. Олар «Димашты өз көзімізбен көріп, дауысын өз құлағымызбен естіп, өмірден өтсек», деп армандайды. Екеуі де ауыр дертке шалдыққан. Алайда өлер алдында Димашты бір көру үшін концертке келген. Жасы келген әйел келе жатып метрода құлап қалды. Оған жаңа аяқ киім алып берді, әйтпесе, ол концертті көре алмас еді. Олар Лондондағы концерт басталмас бұрын сағат 14:30-дан бастап кезекке тұрды. Лондондағы концерт керемет болды! Алайда әлгі әйел ұшақпен кері қайтып бара жатқанда есінен танып қалды.  Жедел жәрдем келген соң әйел есін жиды. Кейін әйелдің физикалық және эмоцияналдық тұрғыдан қатты шаршағаны анықталды. Бұл туралы Youtube желісінде «Samal Mir» атты қолданушы жазған.

"Димаш мені өлімнен арашалап қалды"

«Менің қасымда жас литвалық әйел тұрды. Тым жұқа кейінгендіктен қатты тоңып қалғаны байқалды. Мен оны жылыттым. Кейін ол өзінің басынан өткен ерекше оқиғасын айтып берді. Литвалық әйел біраз уақыт бұрын сүйікті адамынан айрылған. Орны толмас қайғыны еңсере алмай, ол сүйіктісінің артынан кеткісі келіп, суицид жасамақ болады. Алайда Димаштың арқасында, оның керемет даусының арқасында өлімнен аман қалған. Димаштың әндері литвалық әйелдің жан жарасына ем болды. Ол жігітінің өлімін саналы түрде  қабылдады, ары қарай өмір сүруге деген құштарлығы артты. Димаштың даусы бір адамды өлімнен арашалап қалатындай құдыретті! Иә, оның даусында ерекше тылсым күш бар. Оның әндері, оның даусы адамның жан жарасын емдей алады», - деп жазды Ibrogimova атты Youtube желісін қолданушы.

"Димаш менің өмірімді түбегейлі өзгертті"

Димаштың Франциядағы жанкүйері Рози өзінің қолына Димаштың құрметіне арнайы татуировка салдырған. 35 жастағы Рози жеке клиникада хатшы болып қызмет жасайды. Ең алғаш рет Димашты Париждегі гала-концертте көрген.

Рози

«Бұл 2017 жылдың 7 қазаны болатын. Мен бұл күнді ешқашан ұмытпаймын. Оның даусын естіген сәтте өз құлағыма өзім сенбедім. Оның әнін естіген кезде өзімді аспан әлемінде қалықтап жүргендей сезіндім. Кейін 2018 жылы Димаштың есімін кириллица түрінде қолыма жаздырдым. Себебі, жігітім  -қызғаншақ. Ол менің қолымда не деп жазылып тұрғанын түсінбейді. Араға біраз уақыт салып мен Димашпен кездесу үшін Канн фестиваліне бардым. Сол кезде жаңа жақсы бір идея келді»,- дейді Рози.

Рози

Кейін Қазақстан туының негізгі нышандары, Димаштың автографы мен «Жаным сол» деген сөзді жаздырған. Розиға «Жаным сол» деген сөздің мағынасы ұнаған екен.

«Менің Димашқа деген сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Оны сондай қатты жақсы көремін. Себебі ол өмірімді түбегейлі өзгертті. Ол менің жанымды аман сақтап қалды деп үнемі айтамын. Себебі, Димашты білмей тұрған кезімде өмірімнің ешқандай мән-мағынасы болмады. Менде ешқандай мақсат та, арман да болмады. Қазір менің достарым да көп. Өмірім мағыналы бола бастады. Димаш және оның жанкүйерлері менің өмірімнің бір бөлшегіне айнады», дейді Рози.

Димаштың талантынтына ешкім шек келтірмесі анық. Ол талантты, дарынды ғана емес  миллиардтаған адамдардың арасында дараланып тұратын ерекше адам. Бұл бақ қазаққа бұйырды. Бағалай алсақ, тек қадірлей алсақ болғаны.

www.qamshy.kz
25 желтоқсан 2018 ж. 758 0