ЕРТЕҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІ
1948 жылдың қаңтар айында Санкт-Морицте өткен Халықаралық олимпиадакомитетінің 48-ші сессиясы кезінде Халықаралық Олимпиада күнін жыл сайын 23 маусым күні мерекелеу шешілді. Алғашқы Олимпиада ойындарында 13 елден 311 атлет, спорттың 13 түрінен сынға түсті. 1967 жылыХалықаралық олимпиада комитеті 23 маусымды – Халықаралық Олимпиада күні деп атады.ХОК әр төрт жылда бір рет жазғы және қысқы, сонымен қатар жасөспірімдер үшін де Олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Халықаралық олимпиада комитетімен ұйымдастырылған алғашқы жазғы Олимпиада ойындары 1896 жылыГрекиялық Афинада, ал алғашқы қысқы ойындар Францияның Шамони қаласында 1924 жылы өтті. 1992 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындары бір жылда өткізілетін. Бірақ, 1992 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар араға екі жыл салып өтіп тұрады. Алғашқы жазғы жасөпірімдер Олимпиада ойындары 2010 жылы Сингапур қаласында, ал қысқы 2012 жылы австриялық Инсбрукте болды. Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні болып тойланады.
АЙДАНА МАРАТҚЫЗЫ