Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі күнге дейін күшінде болады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріліп, түнде 28 градустан төмен түспейді. Синоптиктердің болжауынша, аптап ыстық тағы 10 күнге созылады.


Үкімет қала әкімдіктерін кондиционері бар, қарттар мен ауыр науқастарға арналған уақытша паналау орындарын ашуға шақырды.


Метеорологтар өңірдегі климаттың өте жылдам өзгеріп жатқанын айтып, дабыл қақты. Бұрын Португалияда жылына ең көбі 3 рет ыстық толқын тіркелетін болса, қазір оның саны 8-ге дейін артқан.


Айта кетейік, Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Фото: Ашық дереккөз
03 шілде 2026 ж. 40 0