Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің оңтүстігінде 41 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстігінде 41 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін, 26 маусым еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады. Әсіресе, елдің оңтүстік аймақтарында ауа температурасы +38…+41°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +28…+30°C шамасында болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +33…+35°C ыстық сақталады.

Шымкентте ауа райы ашық болып, күндіз +36…+38°C дейін ысиды.


Ең жоғары температура Түркістан облысында тіркелмек. Мұнда күндіз ауа температурасы +39…+41°C-қа дейін жетеді. Сондай-ақ Қызылорда, Тараз және Қонаев қалаларында да аптап ыстық болады.

Ал Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейінкүшеюі мүмкін.
26 маусым 2026 ж. 39 0