Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Швейцарияда тас дәуіріне жататын ежелгі қорған табылды

Швейцарияда тас дәуіріне жататын ежелгі қорған табылды

Швейцарияның Фрибург кантонында археологтар шамамен 2600 жылдық тарихы бар монументалды қорған тапты. Бұл жерлеу орны б.з.д. 600 жылдар шамасында Антьямон аңғарында өмір сүрген ықпалды адамдардың өмірінен сыр шертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олжа жайлы Фрибург кантонының археологиялық басқармасы мәлімдеді.

Аталмыш қорған – табылған үшінші монументалды жерлеу орны. Бұған дейінгі қорғандар уақыт өте қатты бүлініп кеткен еді. Ал жаңа табылған нысанда жерлеу бөлмесі мен оның айналасындағы топырақ үйінділері жақсы сақталған. Бұл ғалымдарға темір дәуіріндегі жерлеу дәстүрлерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

Жаңа қорғанның диаметрі шамамен 10 метр. Оның ішінде орталық жерлеу орны бар, қазба жұмыстары қазір аяқталуға жақын.

18 желтоқсан 2025 ж. 228 0