Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Астана мен Рим әріптестік диалогын нығайтып жатыр

Астана мен Рим әріптестік диалогын нығайтып жатыр

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтарда Италияға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.

Сонымен қатар тараптар «Орталық Азия + Италия» диалогы аясында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ә. Қуантыров Италия Қазақстанның Еуропа одағындағы ең ірі сауда әріптесі екенін хабарлады. Қазақ дипломаты Э. Чириеллидің елордамызға сапары аясында өткен Экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 9-шы отырысының сәтті өткенін ризашылықпен атап өтті.

Өз кезегінде италиялық дипломат Римнің Астанамен стратегиялық әріптестікке дәстүрлі түрде жоғары мән беретінін растады. Атап айтқанда, «Sogesid» компаниясының Арал теңізі аймақтарын әлеуметтік-экологиялық жаңғыртуға бағытталған жобасы туралы хабардар етті.

Осыған орай Сыртқы істер министрінің орынбасары италиялық тараптың ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік, жоғары білім, су ресурстары және энергетика салалар бойынша жұмыс топтарының кездесулерін көздейтін Орталық Азия мен Италия арасында білім алмасу желісін құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі бастамасын құптады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігінің барлық спектрін нығайтуға бағытталған көпқырлы диалогты жалғастыруға келісті.

Фото: Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі
31 қазан 2024 ж. 58 0