Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Айды игеруге 3Д-технологиясы көмектеседі

Айды игеруге 3Д-технологиясы көмектеседі

Қытай кейінгі жылдары ғарышты игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Енді шығысымыздағы көрші ел 3Д-технологиясының көмегімен Айда ғимараттар салуға ниетті.

Ол үшін 5 жылдан кейін «Чанъэ-8» миссиясын ұшырмақ. Соның барысында Айға құрылыс жұмыстарымен айналысатын роботты жібереді. Қытай ғалымдары бұл бағытта 3Д-технологияның артықшылығы көп екенін айтады. Өйткені ол арқылы құрылысқа қажетті заттар зондтың өзінде басып шығарылады. Демек Жерден материал тасудың қажеті болмайды. Бұл қаржымен қоса уақыт та үнемдейді. Оның үстіне мұның бәрі автоматтандырылған. Сонда ғарышкерлерге төнген қауіп азаяды. Енді Айдағы базаның құрылысы алдағы 5 жыл ішінде басталуы тиіс.


18 желтоқсан 2023 ж. 655 0