Израильдық әнші «Евровидение-2018» байқауының жеңімпазы атанды
Сенбі күні «Евровидение» байқауының финалдық шоуы өтті. «Toy» атты әнімен Израильдың атынан шыққан қатысушы Нетта «Евровидение-2018» байқауында жеңіске жетті.
Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Осы жылы «Rising Star» ұлттық конкурсын жеңіп алған израильдық әнші Нетта «Евровидение» байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Оның «Toy» әні үлкен танымалдылыққа ие болды. Тіпті әннің ресми бейнебаяны YouTube-арнасында 26 миллионнан астам көрермен жинаған. Бұл бейнебаянның мазмұны кез-келген қудалауға ұшыраған және өзіне қарсы әділетсіз қарым-қатынаста болған адамдарға арналып түсірілген.
«Сіздерге көп рақмет, мен өте бақыттымын! Өзгелерге ұқсамайтынды таңдағандарыңызға рақмет. Мен өз елімді жақсы көремін!», – деді Нетта.
Биылғы жылы «Евровидение» алғаш рет Португалияда Altice аренасындағы ұлттық саябақта өтті. Биылғы көрсетілім «All Aboard!» ұранымен өтіп, дизайны мұхит тақырыбына сай болды.
«Евровидение» байқауының финалдық шоуы сенбі күні өтті. Үлкен концертке 26 мемлекеттің қатысушылары қатысты. Көрермендер мен кәсіби қазылар алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша израильдық әнші Нетта жеңімпаз атанды. Ал екінші орын Fuego әнімен Кипрдың атынан шыққан әнші Элени Форейреге берілді. Сондай-ақ, үшінші орынды Nobody But You әнін орындаған Австрияның әншісі Цезарь Сэмптон иемденді.