Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Австралияда америкалық ұшақ құлады: Аман қалғандар бар

Австралияда америкалық ұшақ құлады: Аман қалғандар бар

Америкалық Osprey конвертопланы (тікұшақ) Австралияның солтүстігіндегі әскери жаттығулар кезінде Мелвилл аралының аумағына құлады. Бортта 20-ға жуық адам болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Апаттың себебі туралы әлі ешқандай хабар жоқ.

 Австралияның Қорғаныс министрлігі Osprey тікұшағының (конвертоплан) бортында америкалық әскери қызметшілер болғанын растады және австралиялық сарбаздар зардап шеккен жоқ деп хабарлады. 

"Бастапқы маңызды кезеңде біздің басты назарымыз оқиғаның салдарын жоюға және барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген министрлік хабарламасында.

Ұшақ Дарвин қаласының солтүстігіндегі Тиви аралдары аймағында жаттығуға қатысқан.Австралияның ABC қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, үш адам құтқарылды - олардың біреуінің жағдайы ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты.
27 тамыз 2023 ж. 621 0