Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды

Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды

Бүгін Астана бойынша 11:00-де Түркияда президенттік сайлаудың екінші туры басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Дауыс беруге қатысатын 60 миллион 721 мың 745 сайлаушыға 191 мыңнан астам жәшік орнатылды. Жалпыұлттық дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады.

Сайлаушылар ел президенті ретінде Халықтық альянстың кандидаты Режеп Тайып Ердоған немесе Ұлттар Альянсының кандидаты Кемал Киличдароглуны таңдайды.

Еске салайық, Түркияда президенттік сайлаудың бірінші туры 14 мамырда өтті. Бірде-бір кандидат 50% жинай алмады. Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы дауыстарды санау кезінде жәшіктердің 100% ашқаннан кейін 49,35% дауыс жинағаны белгілі болды . Ал оппозицияның атынан түскен кандидат Кемал Кылычдароғлы 45% дауыс жинаған.

Кандидаттардың ешбірі 50% жинай алмағандықтан, сайлаудың екінші кезеңін өткізу туралы шешім қабылданды.
28 мамыр 2023 ж. 432 0