Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мексика астанасындағы базар күн электр стансасына айналады

Мексика астанасындағы базар күн электр стансасына айналады

Қазір ғимараттың шатырына 36 мыңға жуық күн панелін орнату жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар базардың қоймаларын, кеңселері мен көлік тұрағын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Экологиялық жобаға жергілікті үкімет пен мемлекеттік энергетикалық компания қолдау көрсеткен. Енді базар шатырындағы станция алдағы айларда іске қосылуы тиіс.   

Альберто Вальдес, Мексика Экономика министрлігінің өкілі:

- Бұл Латын америкасындағы ең ірі күн электр станциясы болады. Негізі одан да үлкен құрылымдар бар. Алайда барлығы шалғайда орналасқан. Ал бұл нысан қала ішінде жұмыс істейді. Күн электр станциясының көмегімен ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін жылына 12 мың тоннаға дейін азайтуға болады. Ол жыл сайын 27 млн киловатт/сағат электр энергиясын өндіреді.

29 шілде 2022 ж. 914 0