Кіндігі кесілмеген нәрестені әкесі мен атасы алып шыққан
Мысырдың Дахаб қаласындағы Қызыл теңізге демалуға барған ресейлік турист дәл судың ортасында босанған. Бұл туралы Arab News порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік желіде суда туылған сәбидің суреттері пайда болды. Кіндігі кесілмеген нәрестені судан оның әкесі мен атасы алып шыққан.Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа босанған әйелге күйеуі мен өзінің әкесі көмектескен.
Айта кетейік, соңғы жылдары ресейлік әйелдер суда босануды әдетке айналдырған.