Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мыңдаған мигрант АҚШ-қа ағылуда

Мыңдаған мигрант АҚШ-қа ағылуда

АҚШ шекарасына мыңдаған мигрант ағылуда. «Рейтерстің» есебі бойынша, босқындар қатарында кемінде 5 мың адам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір-екі күнде оларға тағы 15 мың қосылмақ. Мигранттар арасында Куба, Венесуэла мен Никарагуа азаматтары бар. Олар бұл жолғы сапарды Лос-Анджелесте 6 маусымда басталған «Америкалар саммитіне» байланысты бастағанын айтады.

«Бақыттан басым айналып тұр. Мексика билігі бізге шекарадан өтуге арналған құжат беретін болды. Мақсатым – АҚШ-тағы Детройт қаласына жету».

АҚШ-ТАЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОНМЕН КҮРЕСКЕ $3,2 МЛРД БӨЛІНЕДІ   

Америкалық компаниялар заңсыз көші-қонмен күреске 3 миллиард 200 миллион доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ вице-президент Камала Харрис мәлімдеді. Аталған қаржы босқындар келіп жатқан Орталық Америкадағы елдердің экономикалық мәселелерін шешуге бағытталмақ.

Камала Харрис, АҚШ вице-президенті:

- Бұл инвестиия ондаған мың жұмыс орнын ашуға жұмсалу керек. Ауыл шаруашылы мен жеңіл өнеркәсіп те дамуға тиіс. Енді 10 миллионнан астам адам несие ала алады.

МЕКСИКАДА ЛАГЕРЬДЕГІ МИГРАНТТАР САНЫ 3 ЕСЕ АРТТЫ

Мексикадағы мигранттар саны елесеп артуда. Тапачула қаласындағы лагерьге келген босқындар қатары 3 есе артқан. Олар кедейшілік пен түрлі қылмыс салдарынан елден безген.
08 маусым 2022 ж. 556 0