Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Түркияның халықаралық атауы өзгерді

Түркияның халықаралық атауы өзгерді

БҰҰ Түркияның барлық ресми құжаттағы республика атауын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

«Republic of Turkey (Түркия Республикасы) Republic of Türkiye болып өзгертілді», деді Дюжаррик.

Оның айтуынша, аталған өзгеріс түрік билігі өтінім білдірген соң бірден күшіне енген.

«Ел атауының қысқа нұсқасы енді Turkey емес, Türkiye болады. Дегенмен алфавит бойынша Түркияның орны өзгермейді», деп қосты Дюжаррик.

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы түсіндіргендей, Түркия атауының жазбаша нұсқасын өзгерту Анкараның «елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға» бағытталған қадамдарының бір бөлігі ретінде қабылданған.

Бұған дейін Тайланд билігі Бангкоктың ресми атауын латын графикасында шет тілдерінде жазу үшін Bangkok емес, Krung Thep Maha Nakhon деп өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Шет тілдеріндегі астаналар атауларын жергілікті тілдің дыбысына көбірек сәйкес келтіру туралы шешімді Қытай да қабылдап, Пекинді Beijing-ге, ал Мьянма Rangoon-ды Yangon-ға өзгерткен болатын.  
02 маусым 2022 ж. 798 0