Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ердоған доллардың үстемдігін тоқтатуды талап етті

Ердоған доллардың үстемдігін тоқтатуды талап етті

 Түркия президенті Тайип Ердоған Бішкекте өткен Түркия-Қырғызстан бизнес-форумында доллардың халықаралық саудадағы үстемдігін тоқтату қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
 Түркия президентінің айтуынша, сауда-саттықты жайлы ету үшін пайдаланылып келген доллар жүйесі қазіргі уақытта үлкен проблемаға айналды.
 "Валюта бағамдарымен жүргізіліп жатқан барлық амал-тәсілдің мақсаты - Түркия экономикасының мықты екендігіне шүбә келтіру. Халықаралық саудада доллардың үстемдігін жою қажет", - деп келтіреді Ердоғанның сөзін Anadolu агенттігі.
  "Доллардың мақсаты - Түркия экономикасына соққы жасау. Алайда үкімет қабылдаған шаралар мен Түркия халқының ұстанымы арқасында соққы жасау мүмкін болмады", - деді Түркия президенті.

kaz.tengrinews.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 1 265 0