Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рубль тағы нығайды – Ресей

Рубль тағы нығайды – Ресей

Ресейдің Орталық банкі доллар бағамын 63 рубльге дейін түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей валютасы 10 наурыздан бастап нығайып келеді. Жалпы рубль Украинада қарулы қақтығыс бастала салысымен туындаған құлдыраудан кейін тез қалпына келді. Себебі билік капиталдың қозғалысын бақылап, ел ішінде валюта бағамын белгілеуге көшкен. Өткен аптада Bloomberg Ресей ақшасын 2022 жылдың ең үздік валютасы деп атады. Өйткені рубль жыл басынан бері долларға шаққанда 11 процентке өскен. Нәтижесінде 2020 жылдың ақпан айындағы пандемияға дейінгі деңгейге жеткен. Сарапшылар ресейлік ақшаның нығаюын ең алдымен импорттың екі-үш есе төмендеп, шетелдік компаниялардың Ресейге тауар тасымалдауды қысқартуымен байланыстырып отыр.

Тимур Нигматулин, сарапшы:

– Рубльдың нығаюы, теңгенің нығаюына әкелуі мүмкін. Бұл инфляцияны бәсеңдету тұрғысынан оң әсер етуі ықтимал. Қазақстан үшін бұл біршама тиімді. Егер рубль қатты әлсіресе, кері салдары көбейеді. Сондықтан Қазақстан үшін негізгі сауда серіктесі ретінде Ресей экономикасының құлдырап, терең рецессияға түспеуі өте маңызды.




18 мамыр 2022 ж. 567 0