Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шанхайдағы локдаун сауданы тежейді – сарапшылар

Шанхайдағы локдаун сауданы тежейді – сарапшылар

Локдаун салдарынан Шанхай кемежайларында тауар жеткізуге қатысты қиындықтар туындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Терминалдағы күту уақыты еке еседей артқан. Жүздеген су көлігі кезекте тұр. Ендігі келгенін көрші порттарға жіберуге тура келеді. Сарапшылар мұның бәрі жаһандық тауар жеткізу ісіне кері әсер етуі мүмкін дейді. Өйткені Қытайдан экспортталатын тауарлар тиелген контейнерлердің бестен бірі осы Шанхай кемежайы арқылы өтеді.

Айта кеткен жөн, қалада қатаң локдаун 28 наурызда енгізілген. Жергілікті кәсіпорындар мен дүкендердің көбі жұмыс істемейді. Тұрғындарға мүмкіндігінше үйден шықпау ескертілген. Эпидахуал да әлі жақсармай тұр. Кейінгі тәулікте 39 адам көз жұмды. Бұл локдаун жарияланғаннан бері тіркелген ең үлкен көрсеткіш.



25 сәуір 2022 ж. 433 0