Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Гонконг мектептері қайта ашыла бастады

Гонконг мектептері қайта ашыла бастады

Гонконгте бірнеше ай бойы онлайн білім алған мектеп оқушылары енді мектепке барып оқымақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидахуалдың тұрақталуы себеп болды. Осыған орай жергілікті билік осы аптада бастауыш мектептерді, балабақшалар мен халықаралық білім мекемелерінің ашылуына рұқсат берді. Ал орта мектептер әзірге қашықтан оқу форматын жалғастыратын болады. Санитарлық талапқа сай мектеп қабырғасында оқитындар күнде экспресс тест тапсыруы керек. Ал ондағы барлық қызметкерлер вакцинаның екі дозасын да қабылдауы тиіс. Егілмеген оқушыларға мектепте білім алуға мүмкіндік берілгенмен, олар сыныптан тыс іс-шараларға қатыса алмайды. Жергілікті биліктің шешімі бойынша егер мектепте вирус жұқтырғандардың қатары 5 проценттен немесе бір сыныпта ковид дерті анықталғандардың саны 10 проценттен асса, білім мекемесі қайта жабылатын болады.




21 сәуір 2022 ж. 808 0