Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Еуропарламенттің Сovid-19 пандемиясы жөніндегі арнайы комитеті құрылды

Еуропарламенттің Сovid-19 пандемиясы жөніндегі арнайы комитеті құрылды

Еуропарламенттің COVID-19 пандемиясы жөніндегі арнайы комитеті өз жұмысын бастады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсенбі күні Еуропарламенттің арнайы комитеті төрайымы лауазымына Бельгия депутаты Кэтлин Ван Бремп (Социалистер мен демократтардың прогрессивті альянсы), сондай-ақ оның төрт орынбасарын сайланды. Ал оның мүшелігінде 38 адам бар. Комитет құрылтай жиналысы өткен күннен бастап 12 ай бойы жұмыс істейді және оның мүшелерінің өкілеттігі ұзартылуы мүмкін.

Жаңа комитеттің міндеті - Еуропаның COVID-19 пандемиясына реакциясын зерттеу. Қауіпті вируспен күресте жинақталған тәжірибе Еуропалық одақтың түрлі салалардағы болашақ іс-әрекеттеріне септігін тигізеді.

Арнайы комитет жұмысының көп бөлігі пандемиямен байланысты төрт салаға бағытталған: денсаулық сақтау, демократия және негізгі құқықтар бойынша келісілген жауап, әлеуметтік және экономикалық әсерлері, ЕО-ның басқа елдермен қарым-қатынасы.





20 сәуір 2022 ж. 598 0