Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда өмір бойына коронавирусқа қарсы иммунитет беретін вакцина жасалып жатыр

Жапонияда өмір бойына коронавирусқа қарсы иммунитет беретін вакцина жасалып жатыр

Токио медицина ғылымдары институтының ғалымдар тобы өмір бойына коронавирустан қорғайтын иммунитет қалыптастыратын вакцина жасап жатыр. The Japan Times басылымының сенбі күні хабарлауынша, клиникалық сынақтар шамамен 2023 жылы басталуы мүмкін.

Профессор Мининори Кохарай жетекшілік ететін мамандар негіз ретінде 18 ғасырда британдық дәрігер Эдвард Дженнер ойлап тапқан қорасанға қарсы вакцинаны алды. Оның құрамында адамға зияны жоқ сиыр шешегінің вирусы бар. Аталған вакцина адамзатты аман алып қалған.

Жапондық ғалымдар қорасанға қарсы вакцинаның рекомбинантты вирусын жасауды ойлап отыр. Оның құрамында SARS-CoV-2 вирусының ақуызы болады. Олардың ойынша, бұл тәсіл коронавирустан өмір бойына қорғайтын иммунитет қалыптастыруға көмектеседі.

Тышқандарға қорасанға қарсы вакцинаның рекомбинантты вирусының қолданылуымен тәжірибе жасалды, нәтижесінде антиденелер көрсеткіші жоғары болып, 20 айдан аса уақыт сақталды. Оған қоса, 20 айдан кейін құс тұмауы жұқтырылған тышқандар аман қалды.

«Мен аденовирус және РНҚ вакцинасы сияқты түрлі екпелердің технологияларымен жұмыс істеп көрдім, алайда қорасанға қарсы вакцина вирусының векторын қолданатын препараттар ең мықты болып шықты», – деді Кохара.

Оның айтуынша, аталған вакцинаның кішігірім жанама әсерлері болады, сонымен қатар олар тасымалдау мен сақтау үшін ерекше жағдайды қажет етпейді.

02 қаңтар 2022 ж. 653 0