Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Екінші отандық вакцина алғашқы сынамадан сәтті өтті

Екінші отандық вакцина алғашқы сынамадан сәтті өтті

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария екінші қазақстандық вакцинаның жайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Институт ғалымдары қолданыстағы QazVac вакцинасымен қатар екінші суббірлікті Qaz Covac P вакцинасын жасап шығарды. Екінші отандық вакцина алғашқы клиникалық сынамадан сәтті өтті. Бүгінгі күні екінші клиникалық сынама жүргізілуде»,  деді ол тамыз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы өзге де вакциналарды жасап жатыр, олар сынақ үстінде.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы қазақстандық екінші вакцинаны үміткер ретінде 2020 жылдың тамызында тіркеді.
Институт басшысының айтуынша, алғашқы отандық QazVac вакцинасы жақсы нәтижелер көрсетуде.
«Вакцина қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатында қолданылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен вакцина Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде жіберілді. Ол жақта вакцина тіркеуден өтіп, медициналық мақсатта қолдануға рұқсат алды. QazVac вакцинасына өзге елдер де қызығушылық танытып отыр. QazVac вакцинасының екі кезеңі нәтижелерінің Lancet беделді халықаралық журналдар тобында жариялануын біздің ғалымдардың үлкен жетістігі деп бағалауға болады», деді Күнсұлу Закария.


19 тамыз 2021 ж. 554 0