Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Перге қаласы туристерді таң қалдырды

Перге қаласы туристерді таң қалдырды

Анталья қаласынан жарты ақ сағаттық жерде орналасқан Перге қаласы тарих сүйер туристер үшін керемет таптырмас мекен. Екі мың жылдан астам тарихы мен жер сілкіністеріне қарамастан Перге қаласы керемет сақталған. Архитектурасы мен қаланың орналасуына қарап кезінде асықпай, ойластырылып салынған қала екені байқалады.

Базары, сауда орталықтары жақсы дамыған қалада алып сату, айырбас керемет дамыған. Кезінде 25 мыңдай адам өмір сүрген, ұзақ жылдар қалаға жау тиіспеуінің нәтижесінде қала халқы өте ауқатты тұрған деседі.

– Жолбастаушымыз Беркан мырзаның айтуынша “қаланың төрт қақпасында төрт күзетші үнемі ауысып тұрып қаланың тыныштығын күзеткен. Сол кезеңдегі сауда жақсы дамыған қалада, монша мен амфитеатр да болған. Сол кезеңнің өзінде санитарлық сақтық шараларына аса қатты мән беріліп, қалаға келген қонақтар алдымен қаланың кіре берісіндегі моншаға түсіріліп, сосын барып қалаға кіргізілген екен. Ал таудан аққан Ақсу өзені қаланың орталығын қақ жарып өтіп, моншаға бағытталған”. Жолбастаушымыздың қолындағы тарихи кітапқа қарап ақ ескі қаланың сән салтанаты келіскен қала болғанын бағамдадық. Қаланың архитектурасы, коммуналдық қызметі, банясы, сауда орталықтарының орналасуында, ойластырылуында үйлесімділік байқалады. Құрылыс салуды меңгерген, ұсталары өте бай болған қаланың әлі күнге сақталып тұруына қарап ақ сол кездің өзінде құрылыс жұмыстарына аса қатты мән берілгенін аңғаруға болады. Тұтастай қала аспанасты мұражайына айналып, келушілерге керемет әсер сыйлайды, – дейді Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен, GoTurkiye туризмді дамыту және ілгерілету агенттігінің ұйымдастыруымен Анталья қаласына саяхат жасаған журналистер.

Перге қаласының амфитеатрының да әлі күнге сақталып, туристерді тартатын бір орын ретінде қызмет көрсетіп келе жатыр.
31 шілде 2021 ж. 1 011 0