Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті

– Әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты мемлекет тарапынан ауқымды ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Барлық емхана, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары іске асып жатыр. Қазір облыстағы емханалар мен ауруханаларда жеке қорғаныш құралары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Гуманитарлық көмектің үлкен саяси мәні бар. Жуырда көршілес Қытайдан келсе, енді тарихымыз, тамырымыз үзілмеген Өзбекстаннан келуде. Қай кезде де қиындық елді қиыстырады. Таласқаннан емес, жарасқаннан бірігеміз. Сондықтан мұндай уақытта әрқайсымыз біріге отырып, індетті жеңіп шығамыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.
Шетелден келген көмектің емдеу нысандарына дұрыс жеткізілуі де қатаң бақылануда.