Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Канскіге метеорит құлады

Канскіге метеорит құлады

Көрші елдегі Красноярск өлкесінде метеориттің құлаған сәті көшедегі видеобақылау камерасына түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Канскідегі камера метеорит құлаған сәтті түсіріп алған.

Видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "ЧП Канск" парақшасында жарияланды.

Бейне сипаттамасында Красноярск өлкесінің бірнеше ауданының тұрғындары құлаған нысанды көргені айтылады.

Тұрғындардың сөзінше, дене жерге құлаған кезде қатты дауыс естілгенін айтты. Lenta.ru сайтының хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша 22:40-та (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:40-та) болған.

Метеорит үлкен жылдамдықпен ұшып, жер бетінен ондаған метр биіктікте сөніп, жоғалып кеткен деп хабарланған.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл денеден түскен жарық бүкіл ауланы жарықтандырды, содан кейін жарылысқа ұқсас қатты дыбыс шықты.

Жергілікті ТЖМ өкілдері оқиғаға тұрғындардың ешқайсысы шағымданбағанын хабарлады.

НТВ хабарлауынша, мамандар метеориттің жерге жеткен-жетпегенін анықтап жатыр. Физиктердің пікірінше, объект жерге жеткенде мұндай құбылыс өте сирек кездеседі.

Олар әдетте атмосферада ыдырайды. Басылымның мәліметінше, әзірге ешқандай сынықтар табылған жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ және тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түспеген.
20 мамыр 2020 ж. 733 0