Ас – аты әйгілі адамдарға, мысалы, батыр, би, болыс, байларға, белгілі өнер иелерінің қайтыс болғанына бір жыл толғанда оның аруағына бағыштап берілетін ас әрі той. Мұнда жүздеген мал сойылып, мыңдаған шелек қымыз құйылады. Ат жарыс, палуандар күресі болады. Ат шаптырым жерден құрметті кісілер шақырылады. ...