Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 газет

25 маусым 2019 ж.

№47 газет

22 маусым 2019 ж.

№46 газет

18 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » » Ержан Максим: Аллаға шүкір, менің жеңісім - қазақ елінің жеңісі

Ержан Максим: Аллаға шүкір, менің жеңісім - қазақ елінің жеңісі

Ержан Максим жеңісін қазақ еліне арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, жеңісін халқына арнаған. Ұлтын сүйген жас өрен құдайға шүкіршілік етіп, еліне алғысын жеткізді. 

"Біріншіден Аллаға шүкіршілік етемін. Екіншіден ата-анама, бауырларыма, xалқыма қолдауларыңыз үшін көп раxмет айтамын. Сонымен қатар, басқа елдердегі қолдаушыларым үшін алғысым шексіз. Менің жеңісім - қазақ елінің жеңісі", - дейді Ержан Максим.

Қатарластарына арманымыз орындалу үшін еңбектенейік деп жөн сілтеген Ержан Максим ешқашан берілуге болмайтынын айтты. Сонымен қатар, құттықтауларға алғысын жеткізуді де ұмытпады.

"Барша мендей өсіп келе жатқан жас дарындарға айтарым: "Армандар орындалады, тек ол үшін еңбек ету керек, алға тартылу керек. Бірақ осы тұста жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді, соған қарамастан берілмеу керек" дегім келеді. Баршаңызды жақсы көремін, құшақтадым, құттықтауларыңызға көп раxмет!" - деп жазды Ержан Максим.
27 мамыр 2019 ж. 45 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам