Орамал тағып, қызыл халатымды шешпей жүрдім: Ақбота-Нұр келіндік өмірі жайлы
Айдана Меденова сияқты Ақбота-Нұр да сәлем салып қиналмайтын көрінеді. Айтуына қарағанда, Дәуреннің ата-анасы оған өз қызындай қарайды. "Орамал тақ, сәлем сал" деген сияқты талаптар да қоймайды екен.
Бұл туралы 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
"Жүктілік кезінде оңай болды. Енем жақсылап тұрып сорпасын, тамағын дайындап беретін. Ешқандай қиындықтар туған жоқ. Өнер адамы болған соң түсінетін шығар. Өзінің баласы да өнер адамы. - Ананы істе, мынаны істе, үйге келген кезде орамал тақ, боянба, - деп әңгіме айтпайды", - дейді Ақбота-Нұр.
Бүгінде Айдарқұловтың тегін алған жас әнші келін болып түскен соң ақ орамалы мен қызыл халатын тастамай кигенін айтады. Алайда бүгінде мен ұстанатын асқан бір талаптар жоқ, дейді Ақбота.
"Ата-енем таңнан кешке дейін мені жұмсап, қайта-қайта орамал таққызып, сәлем салғызып қоймайды. 1-2 аптадай орамал тағып, қызыл халатымды шешпей жүрдім. Қазіргі уақытта спорттық киіммен бара беремін", - дейді ол.
Екі баланың анасы атанған Ақбота алдағы уақытта біраз демалатынын айтады. Сөзіне қарағанда, жұмысқа кеткен уақытында бір баласын енесі, екіншісін апасына қалдырып кететін көрінеді. Ол алдағы 4-5 жыл уақытын шығармашылық пен осы екі баланы тәрбиелеуге арнаймын деп отыр.
http://stan.kz/