“Қазақтың тұңғыш ғалымы…” атты танымдық кеш өткізілді

Танымдық шара Қаныш Сәтпаевтың өмір жолы,еңбегін насихаттауға арналған видеороликпен бастау алды. Әрі қарай “Балауса” халықтық би ансамблінің кіші топ қыздары “Қазақ” биімен көркемдеді. Ақбота Талғатова “Ел аман болсын” әнін орындаса, жас күйші Тілеген Жақсылықов Құрманғазының “ Адай” күйін нақышына келтіре орындады. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар қатыстырылды.