Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлына және Роза Бағлановаға арналған шығармашылық кеш өтті

Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлына және Роза Бағлановаға арналған шығармашылық кеш өтті

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде атақты мерейтой иелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Іс-шара аясында қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық жас ұрпақ үшін ұлы қазақстандық қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс ұйымдастырылып, қазақ жазуының дамуына елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы туралы деректі фильм көрсетілді.

Шығармашылық кеш шеңберінде А.Байтұрсынұлы және Р.Бағланованың мерейтойлық күндеріне арналған пошталық хатқалталардың тұсаукесері өткізілді. Аталған хатқалталарды Елшілік қытайлық «Beijing Diplomatic Gift Co. Ltd.» компаниясымен бірлесіп басып шығарды.

А.Байтұрсынұлының танымал шығармаларын насихаттап, ән шырқап би билеген қазақстандық және қытай жастары мерекелік іс-шараға ерекше көңіл күй сыйлады.
05 мамыр 2022 ж. 566 0