Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Азамат Сатыбалды ректор болып тағайындалды

Азамат Сатыбалды ректор болып тағайындалды

Азамат Сатыбалды Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы facebook парақшасында жазды.

«Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!

Өнер адамының тағдыры ерекше!

Қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды.

Стивен Кингтің «Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде» деген керемет сөзі бар.

Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген Азаматтың қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол.

Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін!», делінген жазбада.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
Көп балалы отбасында туған. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді.

Еңбек жолын 2001 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан бастаған. Актер 20 шақты фильмде ойнаған.
14 ақпан 2022 ж. 296 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам