Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Әлия Ысқақова Кино және Телевизия Академиясының сыйлығына ие болды.

Әлия Ысқақова Кино және Телевизия Академиясының сыйлығына ие болды.

Nomad Stunts тобының каскадері Әлия Ысқақова Канаданың Кино және Телевизия Академиясының сыйлығына ие болды.

Осынау мерейлі сәтке байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Әлия Ысқақоваға құттықтау жолдады.

«Құрметті Әлия Орынбайқызы!

Сізді Канаданың кино жəне телевизия академиясы ұйымдастыратын UBCP/ACTRA AWARDS 2021 сыйлығының «Үздік каскадерлік жұмыс» аталымында жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз түсіріліміне белсене атсалысқан, 1970 жылдардағы телехикаяның жаңа нұсқасы саналатын «Кунг-фу» - адами ізгі құндылықтарды насихаттайтын айтулы туындының бірі. Сіз кино алаңында ептілік пен ширақтықтың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан тəуекелшіл мамансыз. Сіздің бұл марапатыңыз түсірілім кезіндегі қажырлы еңбегіңіздің еленгені, əрі мəуелі жемісі, деп білемін.

Алдағы уақытта да Сіз қатысқан киножоба көрерменнің жоғары бағасына ие болып, толағай табысқа жете беруіне тілектеспін. Лайым осы саладағы жұмысыңыз берекелі болсын.

Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық пен амандық тілеймін!» ,- деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

24 қараша 2021 ж. 296 0