Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Министр Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы қалай атап өтілетінін айтты

Министр Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы қалай атап өтілетінін айтты

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымұлова 2022 жылы әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы қалай атап өтілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, министрлік мерейтойды дайындау және өткізу үшін жалпыреспубликалық жоспар енгізді. Осы жоспар бойына бірнеше шара көзделген.
"Соның ішінде Роза Бағланованың есімін ЮНЕСКО-ның күн тәртібі бойынша жасалатын атаулы күндер күнтізбесіне енгізу мәселесі жүргізіліп жатыр. Республикалық "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы бар екенін білесіздер. Осы ұйымға Роза Тәжібайқызы Бағланованың есімін беру жоспарланып отыр", – деді Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінде.
Сондай-ақ бірнеше қалада, мысалы Қызылорда мен Нұр-Сұлтанда қаласындағы көше мен музыкалық мектеперге Роза Бағланованың аты беріледі.

Бірнеше фестивальдер мен концерттер, республика бойынша қойылымдар, кинотүсірілімдер өтеді. Бірнеше кітап мен фотоальбом шығарылады.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк мерейтойға арнап монета шығарады, қазақстандық пошта маркасы да басылады.

Айта кетейік, Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысындағы Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері.
Күміскөмей әнші 90 жасқа қараған шағында 2011 жылы 8 ақпанда дүние салды.


14 мамыр 2021 ж. 1 527 0