Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!
Сіздерді Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!
Жәрмеңкеде Сырдария ауданының ауыл еңбеккерлері өздері өндірген сапалы әрі табиғи өнімдерін ұсынады.
Ақ күріш, бау-бақша өнімдері, ет пен балық, сүт өнімдері, бал, жеміс-жидек, балғын қауын-қарбыз және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.
Жәрмеңке 2026 жылғы 24 қазан, сенбі күні, сағат 9:00-де өтеді.
Өтетін орны – Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңы» аумағы, Сұлтан Толыбеков пен Дінмұхамед Қонаев көшелерінің қиылысы.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді берекелі жәрмеңкеге келіп, жергілікті өнімдерді сатып алуға және ауыл еңбеккерлерінің еңбегін қолдауға шақырамыз!
Сырдың берекесі – елдің ырысы!
Берекелі жәрмеңкеде жүздескенше, қадірлі ағайын!












