Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама бойынша халықаралық жастар байқауы басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама бойынша халықаралық жастар байқауы басталды

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы тарапынан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің қамқорлығымен жастар үшін ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.

Байқауға қатысуға 10-25 жас аралығындағы жастар шақырылады.

Олар сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы өз идеялары мен көзқарастарын, сондай-ақ оның рөлі мен осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсете отыра, «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» тақырыбында конкурстық жұмыстар дайындауға шақырылады.

Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді, ол арқылы байқаудың үш номинациясы – «Үздік сүрет», «Үздік постер» және «Үздік бейнеролик» бойынша жұмыстар 2025 жылы 1 қазанға дейін қабылданады.

Еліміздің қатысушылары дайындаған конкурстық жұмыстарды іріктеуді Агенттік құратын Ұлттық конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстың қорытындысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне (9 желтоқсан) орай шығарылады.


Сырдария Жастар ресурстық орталығы
Фото: Ашық дереккөзден
22 шілде 2025 ж. 330 0