Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елорданың 25 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты байқау жарияланды

Елорданың 25 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты байқау жарияланды

Елорданың 25 жылдығына орай Астана туралы үздік әндерге «Ел жүрегі – Астана» атты байқау ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық сазгерлер шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі (Қазақстан композиторлар одағымен бірлесе) ұйымдастырады.

Конкурсқа Астана туралы мемлекеттік және орыс тілінде жарыққа шыққан әндер қабылданады.

Үздік әндерді белгілі сазгерлерден және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайды.

Айта кетсек, ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енеді.

Сондай-ақ байқау қорытындысымен елордада «Ел жүрегі – Астана» атты гала-концерт ұйымдастырылып, озық шыққан үздік әндер сахна төрінде  шырқалады.

Өтінімдер 2023 жылдың 10 маусымына дейін elordainfo23@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. 

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
• Астана қаласын әнге қосу арқылы ел ішінде кеңінен насихаттау;
• Елорда туралы жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;
• Өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
• Отандық авторларды қолдау;
• Елге, Астанаға патриоттық көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдер жасау.
 
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар мен материалдарды қосымша бере отырып, өтінім жолдайды:
1) PDF форматында жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) шығармашылық өмірбаяны;
Сондай-ақ қатысушы туынды бойынша өтінімге қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
• туындының МР3 форматындағы аудиожазбасы;
• партитура және клавир («Finale» немесе «Sibelius» ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).

Ұйымдастыру комитетінің байланыс нөмірі: 8 (778) 143 06 11,
8 778 155 61 11 (whatsapp)
24 мамыр 2023 ж. 378 0