Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Еріктілерге арналған байқау жарияланды

Еріктілерге арналған байқау жарияланды

«Қызылорда еріктілері» қоғамдық қоры аға буын өкілдерін волонтерлік қызметке тарту мақсатында «Күміс еріктілік» тақырыбында әлеуметтік жобаны жүзеге асырады.

Жоба аясында барлық мүдделі бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған 300 мың теңгеден 15 шағын грантқа байқау жарияланады.

Байқаудың мақсаты – егде жастағы адамдардың волонтерлік орталықтарды құру және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруы бойынша ерікті бастамаларына қолдау көрсету.

Конкурстың мақсаттары:

– осы саладағы волонтерлік қызметті халық арасында кеңінен насихаттау;

– «Күміс» волонтерлік орталықтар желісін кеңейту;

– Қазақстан Республикасындағы «күміс» волонтерлік мәдениетін дамыту;

– қоғамда белсенді ұзақ өмір сүру идеясын танымал ету және т.б.

Өтініштер 2022 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады.

Байқау ережесіне сілтеме: https://tinyurl.com/PolojenieSerebVol сондай-ақ @kzovol парақшасының тақырыбында бекітулі

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық қолдауымен іске асырылып жатыр.
16 маусым 2022 ж. 490 0