Құрметті аудан тұрғындары!
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қызылорда облысының аумағында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 20 сағат 30 минут пен 2022 жылғы19 қаңтар 00 сағат 00 минут мерзіміне дейін төтенше жағдай енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай қолданылатын кезеңде ол енгізілген жерде мынадай негізгі шаралар мен уақытша шектеулер көзделген:
– еркін жүріп-тұруға, оның ішінде, көлік құралдарының кіруі мен шығуына шектеулер белгіленді;
– тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлік құралдарын тексеру;
– бейбіт жиындарға, ереуілдерге және басқа да жаппай іс-шараларға тыйым салынды;
– сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін адамдардың қоғамдық орындар мен көшеде жүруіне шектеу енгізілді;
– аудан көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін;
– аудан көлемінде алкогольдік өнімдерінің сатылуы тыйым салынған;
– аудан көлемінде кафе-барлар, мейрамханалар, супермаркеттердің, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтарының қызмет уақыты тоқтатылған.
Төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын атап өтеміз.
Осылайша, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде тыйым салынған ереуілге басшылық ету және ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі – ҚК) 379 және 401-баптары бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату ҚК-нің 274-бабына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Төтенше жағдай кезінде қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру 10 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді (ҚК-нің 459-бабы).
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 476-бабы, төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттері үшін (ӘҚБтК-нің 478-бабы) тиісінше 15 және 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Бұл ретте, төтенше жағдай кезінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау ауырлататын мән-жай болып табылады (ҚК-нің 54-бабы, ӘҚБтК-нің 57-бабы) және неғұрлым қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабын басшылыққа ала отырып, азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, ішкі істер органдары мен уәкілетті органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға, оларға қажетті жәрдем көрсетуге шақырамыз.
Сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, арандатушылыққа берілмеуге және төтенше жағдай режимін бұзбауға, ресми дереккөздерде орналастырылған елдегі ағымдағы жағдай туралы сенімді ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.
Сырдария аудандық прокуратурасы,
Сырдария аудандық кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм бөлімі