Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » Қарағанды академиясына үміткерлер қабылданады

Қарағанды академиясына үміткерлер қабылданады

Сырдария ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты тобы жоғары оқу орнына, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясына түсуге үміткерлерді қабылдауды жүзеге асырады.

1. Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының абитуриенті болудың негізгі талаптары:

- 16 жасқа толған және орташа білімінің міңдетті түрде болуы;
- маусымдық Ұлттық бірынғай тестілеу сертификатының болуы;
- физикалық даярлықтың және денсаулықтың жақсы болуы;
- нәтижеге және оқуға негізделген мотивация.

2. Оқытудағы артықшылықтар:

- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту;
- тұрмысқа жайлы жатақханада тұру;
- стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету;
- каникулдық демалыс кезеңінде қалааралық автомобиль /таксиді қоспағанда/, теміржол және кейін қайтуға жол жүру ақысы төленеді;
- күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге, оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі;
- оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге «құқық қорғау қызметі бакалавры» дипломы беріледі және ІІМ-нің бұйрығымен «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріледі.

Толық ақпаратты Академияның сайтынан /kga.gov.kz/ немесе Сырдария ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты тобынан алуға болады.

Байланыс телефоны: 8/72436/ 21-0-80
22 қаңтар 2021 ж. 1 330 0